• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Парламент 11 Ақпан, 2020

Әзербайжанда өткен парламенттік сайлауда әйел үміткерлердің үлесі жоғары

154 рет
көрсетілді

Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясы бақылаушыларының халықаралық миссиясы (ТүркПА) Әзербайжанда мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлау қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәслихатында сөз алған сенатор Динар Нөкетаева Әзербайжанда өткен парламенттік сайлауда әйел үміткерлердің үлесі жоғары екенін айтып өтті.

«Бұл республикада жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың ғана нәтижесі емес, сол сияқты аталған елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі гендерлік теңгерімді паш етеді» деді ол.

Миссия өз кезегінде 2020 жылғы 9 ақпанда Әзербайжанда өткен парламенттік сайлау аталған елдің ұлттық заңнамалары және халықаралық сайлау стандарттарына сай өтті деген қорытынды шығарды.