• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Ақпан, 2020

Жастар атынан алғыс айтамыз

236 рет
көрсетілді

Өткен жылы Елбасының бастамасымен елімізде Жастар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы жылдың аясында мемлекетімізде қомақты шаруа атқарылды.

Мемлекеттік қолдаудың ар­қасында жастардың жұ­­мыс­қа орналасуына, өз қа­білет-қарымдарын шың­­дау­ға, тәжірибе алуға үл­кен мүмкіндіктер жасалды. Жас­­тар жылында жүзеге асы­рыл­ған бағ­дарламалар не­гізінде жас маман­дар туған жердің тұ­ғырын биіктетуге атсалысып жүр. Со­лар­дың қатарында еліміздің түкпір-түкпірінде білім алып, ақ ха­латты абзал жан болам деп арман қуған жастар Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының орталық ауруханаға өз ма­мандықтары бойынша жұ­мысқа орналасқандығын ай­туға болады. «Жас келсе – іске» дегендей, ауру­хана ұжымы елдің болашағына қамқорлық жасап, олардың оқу орнында алған білімін іс жүзінде біліктілікпен иге­руіне жан-жақты жағдай туғызып отыр.

Бүгінде осы жастар ең­бек етіп жатқан орталық ауруханада 795 адам жұ­мыс істейді. Олардың қа­та­рында 95 дәрігер, 388 орта буынды қызметкер, 114 кіші бике және басқа са­наттағы 98 адам қызмет ат­қарады. Қазіргі уақытта аурухана цифрландыру жү­йесіне көшкен. Заман талабына сай олар ауруларды басқару (ПУЗ), «ДамуМед», автоматтандырылған ақ­параттық жүйе (АИС) сын­ды бағдарламаларды жүр­гізіп, нәтижелі жұ­мыс ат­қаруда. Яғни, науқас­тар­дың кезегін болдырмау мақ­сатында сырқат жандар­ды тіркеу жұмыстары да ав­томаттандырылған. Жанына шипа іздеп келген әрбір жан­ға қолайлы жағдай жа­салған деп айтуға болады.

Елбасы бастамасымен қолға алынған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын нәтижелі пайдалануда аурухана басшылары білімді жастарға үлкен қамқорлық көрсетуде. Әсіресе ауру­ха­­наның бас дәрігері кі­сі­лігі мен кішілігі мол Ш.Мыр­­залиевке, сондай-ақ Р.Жұманқұловаға, Р.Есте­месоваға, Г.Үкібаеваға, Қ.Ни­яз­­­бековке, сонымен қа­тар осы ұжымда еңбек етіп жат­қан әріптестерімізге жас ма­­мандар атынан шексіз алғы­сымызды білдіргіміз келеді.

 

Ұлбосын ЖИЕНБАЕВА,

Т.Рысқұлов аудандық орталық емхананың психологі

 

Жамбыл облысы