• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Ақпан, 2020

Мұғалімдердің орташа жалақысы 150-160 мың теңге - мектеп директоры

1725 рет
көрсетілді

Мұғалімдердің орташа жалақысы 150-160 мың теңгені құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы №54 мектеп-лицей директоры Шәкәрім Сейсенбай «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

«Мұғалімдердің жалақысы көтерілгенге дейін орташа жалақы 110-120 мың теңге болған. Қаңтар айында жалақы көтерілгеннен кейін 150-160 мың теңгені құрады», - дейді ол.

Мектеп директорының айтуынша, мұғалімдердің жалақысы қаңтар айынан бастап 25 пайызға өскен.

«Бұл мұғалімдердің көңіл-күйіне оң әсер етті», - дейді Шәкәрім Сейсенбай.