• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 12 Ақпан, 2020

Илья Ильин Ташкентте алтын медаль ұтып алды

289 рет
көрсетілді

Илья Ильин Ташкентте өткен ауыр атлетикадан халықаралық біріншілік аясында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды. Ол екі рет зілтемірді көтеруде 355 (160 + 195) келіні еңсеріп, І-орынға ие болды.

ІІ-орынды Катарлық Фарес Эльба иеленді - 353 (159 + 194) келі. Өзбекстандық ауыр атлет Умарбек Шохназаров қола жүлдеге ие болды.

Ол 341 (155 + 186) келіні көтерді. Халықаралық достастық біріншілігінің лицензиялық мәртебесі бар. Онда спортшылар рейтинг ұпайларын жинай алады, олар Олимпиадаға іріктеу кезінде ескеріледі.