• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2020

Қызылорда: «Квадрат» шарасы өткізілді

269 рет
көрсетілді

Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Жаппасбай батыр, Бектұрғанов, Панфилов және Чайковский көшелері мен «Универсам» шағын ауданында «Квадрат» әдісі бойынша профилактикалық шара өткізді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды

Шара аясында осы аумақ тұрғындарына жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар таратылды.

Профилактикалық шара барысында алкоголь өнімдерін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатқан 6 сатушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұрғын үйлердің аулаларында масаң күйде жүрген 3 адам анықталып, олар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, ел аумағында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрудың 19, ортақ пайдаланылатын орындарды  ластаудың 8, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзудың 4 және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзудың 4 дерегі анықталды.

Тексеру барысында қаруды сақтау ережелерін сақтамағаны үшін 4 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 486-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 2 жасөспірім жеткізіліп, олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.