• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Ақпан, 2020

Қазақстан Елшісі Эстония Сыртқы істер министрімен кездесті

157 рет
көрсетілді

Таллинде Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Сейтімовтің Эстония Республикасының Сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалумен кездесуі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілері және оларды дамыту перспективалары талқыланды.

У.Рейнсалу Қазақстанның Эстониядағы Елшілігінің ашылуын ыстық ықыласпен қарсы алып, қазақстан-эстон мемлекетаралық қатынастарының жоғары деңгейі мен достық сипатын атап өтті.

Елші Н.Сейтімов тиімді іс-қимыл үшін келешегі бар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті: Эстония айтарлықтай жетістікке жеткен цифрландыру саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім беру процестерін ұйымдастыру салалары.

Тараптар екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеру үшін тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты.