• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Ақпан, 2020

Ибрагим Берсанов Ташкентте күміс жүлде алды

204 рет
көрсетілді

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан өтіп жатқан VI Ынтымақтастық біріншілігінде 109 килограмға дейінгі салмақта Ибрагим Берсанов күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отандасымыз қоссайыс қорытындысында 387 килограмды (181+206) ырқына көндірді. Ал 410 кг-ды (189+221) бағындырған өзбекстандық Акбар Джураев топ жарды.

Қола медаль оңтүстік кореялық Кисам Джионгке (361 килограмм, 171+190) бұйырды.