• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №247

235 рет
көрсетілді

2013 жылғы 15 наурыз,    Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1457 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №51, 680-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережеде:1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:"1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау (бұдан әрі – жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) құрылымында ұйымдастырылады.";4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:"4. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелерімен айналысатын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерінен тұрады.";13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:"13. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды тұлғаларының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге, арнайы құралдар мен қызметтік қаруды алып жүруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.".2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   С.АХМЕТОВ.