• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Ақпан, 2020

Ақордада Абай мен әл-Фарабидің мерейтойларын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың отырысы өтті

180 рет
көрсетілді

Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына дайындық және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Нұр Сұлтан мен Алматыда Абайдың 175 жылдығы мен әл-Фарабидің 1150 жылдығын Қазақстанда бастау үшін ресми рәсімдер өткізілгенін атап өтті.

«Атап айтсақ, 21 қаңтарда «Астана Опера» театрында  Елбасының қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерекесі ашылды. Сондай-ақ 29 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық ұйымдардың, отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеудің ресми ашылу рәсімі өтті», - деді Қырымбек Көшербаев.