• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Ақпан, 2020

Жас биатлоншылар Мәскеу облысы Кубогы турниріне қатысып жатыр

149 рет
көрсетілді

Осы күндері биатлоннан жасөспірімдер арасында IV Мәскеу облысы Кубогы (MRBOC) өтіп жатыр.   Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл бәсеке биыл алғаш рет Халықаралық биатлон одағының (IBU) күнтізбесіне енген.

Жарысқа 7 мемлекеттен және Ресейдің 9 өңірінен 12-13 жастағы 34 команданың 211 ұлы мен қызы атсалысуда.

Ұлттық құрама атынан турнирде Қазақстан биатлоншылар одағы кубогында топ жарған спортшылар өнер көрсетуде. Жарыс 15 ақпанға дейін жалғасады.