• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Ақпан, 2020

Бадминтоннан Азия чемпионаты: Қазақстан Малайзияға есе жіберді

173 рет
көрсетілді

Филиппиннің Манила қаласында бадминтоннан командалық Азия чемпионатына қатысып жатыр. Өкінішке қарай, ерлер құрамасы 1/8 айналымнан аса алмады. Бұл жайында Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Азия чемпионатындағы екінші кездесуде Асқар Орманов жаттықтыратын Қазақстан ерлер командасы Малайзияға қарсы ойнап, 0:5 есебімен ұтылды. Бірінші кездесуде қазақстандықтар 1:4 есебімен Үндістанға есе жіберген болатын. Осылайша, бадминтоннан ерлер құрамасы ширек финал жолдамасынан қағылды. 

Ал қыздар командасы жарысты бірден ширек финалдан бастайды. Қытай, Гонконг командаларын коронавирус қаупіне байланысты турнирге қатыстырмаған. Үндістан қыздар құрамасы вирустан қауіптеніп, турнирден бас тартты.