• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Ақпан, 2020

Елорданың екі ақылы учаскесінде жаппай жол-көлік оқиғасы болды (видео)

1184 рет
көрсетілді

Абырай болғанда, қаза болғандар жоқ. Бірінші апат 2020 жылдың 13-ақпанында шамамен 15:00-де «Щучинск-Нұр-Сұлтан» бағытында болған. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Баспасөз қызметінің басшысы хабарлады.

Нұр-Сұлтан бағытындағы 36-шақырымда 20-ға жуық автокөлік өзара соғылды. Қазіргі сәтте оқиға орнында 8 автокөлік қалған, қалғандары сапарларын жалғастырды.

Қарсы бағытта, 37-шақырымда 16 автокөлік өзара соғылды. Мұнда 5 адам жарақат алған. Оның ішінде 2 жасар бала да бар. Бүлдіршінді жедел жәрдем, ал жарақат алған ересек азаматтарды жеңіл автокөліктер ауруханаға жеткізді. Аталмыш учаскеде 9 арнайы техника (3 құрамдастырылған жол машинасы, 3 тиегіш, 2 автогрейдер мен 1 экскаватор) жұмыс жасауда.

Үшінші жол-көлік оқиғасы «Нұр-Сұлтан-Теміртау» автожолының 1408-шақырымында сағат 16:00 маңында болды. Шоқай елді мекенінің қасында болған апатта 15 көлік өзара соғылды. Оның ішінде 3 жүк машинасы, 2 газель, 10 жеңіл көлік бар. Бұл учаскеде 9 арнайы техника (2 құрамдастырылған жол машинасы, 3 тиегіш және 4 автогрейдер) жұмыс істеп жатыр. Барлық апаттар көру қашықтығы күрт төмендеген локалды аймақтарда болған.