• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Хоккей 14 Ақпан, 2020

Шайбалы хоккей: Плей-оффқа шыққан оныншы команда белгілі

323 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген командалар арасында плей-офф сайысына жолдама алғандардың саны онға жетті.

Осыған дейін тағы сегіз команда ЦСКА (Мәскеу), СКА (Санкт-Петербург), «Динамо» (Мәскеу), «Йокерит» (Хельсинки), «Ақ Барс» (Қазан), «Авангард» (Омбы), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Барыс» (Нұр-Сұлтан) және «Спартак» (Мәскеу) плей-офф бәсекесінің жолдамасына иелік еткен еді.

Кеше Гагарин кубогы үшін таласатын командалар қатары Новосібірдің «Сибирь» клубымен толықты. Қазіргі кезде олар 55 кездесуден кейін 66 ұпай жиып, Шығыс конференциясында бесінші орында келеді.