14 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 169 техника бірлігі мен 1 496 жол жұмысшысы тартылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
13 ақпаннан 14-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1 075 техника бірлігі мен 110 жол жұмысшысы жұмылдырылған болатын. Қала сыртына 2 800 рейс жасалып, 33 292 текше метр қар шығарылды.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін барлығы 3 691 859 текше метр қар шығарылды (295 362 рейс).