• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Хоккей 14 Ақпан, 2020

Шайбалы хоккей: Мартин Сен-Пьер КХЛ-дағы мыңыншы ойынын өткізді

155 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен Словакияның «Слован» клубының ойыншысы Мартин Сен-Пьер КХЛ-дағы мыңыншы ойынын өткізді.

Осыған орай «Слован» клубы айтулы хоккейшіге құрмет көрсетіп, арнайы шоу ұйымдастырды. Расында да Сен-Пьердің словакиялық командаға сіңірген еңбегі зор.  Ол осы клуб сапында 28 матч өткізіп, 23 (7 гол+16 пас) ұпай жиды.

36 жастағы Канаданың тумасы кезінде Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) өнер көрсеткенін жанкүйерлер жақсы біледі. Әр жылдары «Чикаго», «Бостон», «Оттаву» және «Монреальдің» сапында ойнады. Одан бөлек, Ресей, Финлияндия, Австрия, Швейцария, Хорватия және Қытай клубтарының намысын қорғады. 

2015-2018 жылдар аралығында Мартин Сен-Пьер Нұр-Сұлтанның «Барысының» жейдесін киді. Біздің команда сапында өнер көрсеткен жылдары 144 кездесу өткізіп, 85 (27+58) ұпай жиды.

Канаданың тумасы 2017 жылы Қазақстанның азаматтығын алып, ұлттық командамыздың сапында 12 кездесу өткізді. Сол аралықта  бір гол соғып, жеті рет нәтижелі пас берді.