• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 14 Ақпан, 2020

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Әлем кубогының 6-кезеңіне қатысады

204 рет
көрсетілді

14-16 ақпан аралығында Нидерландының Дордрехт қаласында шорт-тректен Әлем Кубогының алтыншы кезеңі өтеді. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.

Бұл бәсекеде Қазақстан сапынан ерлер арасында Абзал Әжіғалиев, Никиша Денис, Мерсаид Жақсыбеков, Нұртілек Қажғали, Әділ Шаяхметов, Еркебұлан Шамуханов қатысады.

Ал әйелдерден Мадина Жанбусинова, Ольга Тихонова, Әлия Әмірғалиева мен Алена Волковицкая бақ сынайды.