Бүгін Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінің жалауы желбірейді.
Айтулы додада Қазақстанның туы астында мына спортшылар өнер көрсетеді:
Ерлер: 55 кило - Абылай Әуелханов, 61 кило - Ақмолда Сайрамкез, 67 кило – Сайхан Тайсуев, 81 кило – Есенкелді Сәпи, 89 кило - Нұрғиса Әділетұлы, 96 кило - Артем Антропов және 102 кило - Рахат Бекболат.
Қыздар: 64 кило – Гүлнұр Ыбырай, 81 кило – Карина Құзғанбаева және + 81 кило - Айсамал Сансызбаева.
Айтулы жарыс 20 ақпанға дейін созылады. Осы жарыстың нәтижесі арқылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде бақ сынайтын зілтеміршілер анықталады.