• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Ақпан, 2020

Полиция кеңес береді

230 рет
көрсетілді

Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы аясында Қызылордада шетелден көлік әкелген азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Акция шеңберінде Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция мен қалалық Полиция басқармасы, аудандық бөлімдер басшылары белгіленген орындарда азаматтарды қабылдауда.

Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға Армения, Қырғызстан, Беларусь пен Ресейден әкелінген көліктердің біздің елде рәсімделу тәртібі, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі туралы құқықтық кеңестер беріліп жатыр.