• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2013

«Селтик» жаттықтырушысы: Қазақстанға сапарымыз қорқытады

238 рет
көрсетілді

Шотландияның «Селтик» футбол командасының бас жаттықтырушысы Нил Леннон бүгін, 10 тамыз күні командасы Дублинде «Ливерпульмен» жолдастық кездесер алдында таяу күндерде Қарағандының «Шахтерімен» өтетін ойын туралы да ойын білдіре кетті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«Бізге бұрын белгісіз болған қарсылас тап келді. Бірақ біз мүмкіндігі болғанша қажетті ақпаратты көбірек жинап, бұл олқылықтың орнын тез толтыруға тырысамыз», - деді Леннон. Бапкердің айтуынша, оны Қазақстанға жеткізетін ұзақ жолғы сапар сескендіреді. «Логистикалық тұрғыдан қарағанда, алыстағы Астанаға сапар шегу бізге сұмдық қиын нәрседей көрінеді. Біз чемпионаттың бірінші матчын 17 тамыз, сенбі күні «Абердинмен» өткіземіз. Сосын, бәлкім, бірден Қазақстанға ұшатын шығармыз», - деді тағы ол.

Еске сала кетейік, плей-оффттың бірінші кездесуін Қарағандының «Шахтері» 20 тамыз күні Астанадағы «Астана-Арена» спорт кешенінде осы командамен өткізеді. Ал бір аптадан кейін командалар Глазгода қарымта матчта бас қосады.

Дамир Қожамқұл.