• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Ақпан, 2020

SCIJ клубының 68-отырысы Алматыдағы Шымбұлақта өтеді

288 рет
көрсетілді

2021 жылы SCIJ журналист-шаңғышылар (Ski Club International des Journalistes) клубының 68-отырысы Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл туралы Сочидегі «Роза Хутор» курортында өткен клубтың 67-ші отырысында белгілі болды. Басқосуға қатысқан ұйым мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша Словениядан басып озды.

«Бұл елімізді әлем халқына таныстыру жолындағы жақсы мүмкіндік болғалы тұр. Себебі, SCIJ клубының 65 жылдық тарихы бар. Сонымен қоса 2 000 мыңға жуық танымал журналист Қазақстанның сұлулығын өз көзімен көріп, біз туралы алған әсерлерімен бөліседі», деді Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

SCIJ журналист-шаңғышылар клубы 1955 жылы Францияның Мерибель тау-шаңғы базасында құрылған. Сол жылдан бері дәстүрлі жиын Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Американың 70-ке жуық шаңғы базасында өткен. Қазір құрамына 32 елдің 2000-ға жуық БАҚ өкілі кіреді. Қазақстан аталған клубқа 2012 жылы қосылып, осы уақыта дейін ұйым жұмысына белсенді атсалысып келеді.

Айта кетейік, жыл сайын өткізілетін бұл іс-шара тау шыңғысы мен шаңғымен жарысудан журналистер арасындағы бейресми әлем чемпионаты саналады.