• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 14 Ақпан, 2020

Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында командалық спринтте 6-орын алды

286 рет
көрсетілді

Бүгін АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден Әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Olimpic.kz хабарлады.

Алғашқы күні ерлер арасында 5 000, әйелдер арасында 3 000 метр жекелеген және командалық спринт жарысы өтті. Жекелеген сында спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсете алған жоқ.

Ал командалық спринтте Р. Креч, С. Палкин, А. Кленко, А. Галиев квартеті 1:20,39 уақыт көрсеткішімен 6-орын алды. Негізі бұл сында Канада құрамасы топ жарған еді. Алайда үйеңкі жапырақты елдің өкілдері ережеге сай емес ауысым жасағаны үшін нәтижесі жойылды. Осылайша, алтын жүлде - Нидерланды, күміс - Қытай, қола - Норвегия құрамасына бұйырды.

Айта кетейік, әлем біріншілігі 17 ақпанға дейін созылады.