• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2013

Жаңақорғанда көршісінің ешкісін сатып жіберген адам ұсталды

210 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тәртіп сақшылары көршісінің ешкісін сатып жіберген адамды ұстады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлады.

«Тамыз айының 6-сы күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының 1973 жылы туған тұрғыны ағымдағы жылы наурыз айында жайылымға айдап жіберген 1 бас ешкісінің өрістен келмегендігі жөнінде арызданған. Іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті осы ауданның 1991 жылы туған тұрғынының ешкіні өз қорасына қамап, кейін оны аудан орталығындағы өзге біреуге 10 мың теңгеге сатып жібергендігі белгілі болды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, кінәсін толық мойындады. Тексеру амалдары одан әрі жалғасуда.

Сұлтан Бозайғыр.