• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2020

Атырау облысында бес вагон рельстен шығып кетті (видео)

998 рет
көрсетілді

Рельстен шыққан вагондардың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай Атырау облысының Индер ауданында орын алды. Гипсокартон мен құрғақ қоспа тиелген вагондар жеке иеліктегі теміржолмен жүріп келе жатқан. Ешкім зардап шеккен жоқ.

«Вагондардың неліктен рельстен шығып кеткенін облыстық көлік инспекциясы анықтап жатыр. Тексеріс аяқталған соң кінәлілерді әкімшілік жазаға тарту мәелесі шешіледі», - деп хабарлады Атырау облыстық көлік прокуратурасының өкілдері.