Өскемен қаласында сайжайлық үйдің құлап түсуінен 59 жастағы ер кісі қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қайғылы оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні орын алды. Мамандардың айтуларынша, газ бен ауаның қосылуынан орын алған жарылыстың салдарынан үй құлап қалған» деп жазады Altaynews.kz.
Оқиға болған жерге жеткен құтқару жасағының сарбаздары үйіндінің астынан ер адамның денесін шығарған. Бірақ бұл кезде ол ешқандай көмекті керек етпейтін еді.
Қайрат Қожаназар.