• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Ақпан, 2020

Қорғаныс министрі Талдықорған және Алматы гарнизондарына жұмыс сапарымен барды

238 рет
көрсетілді

Талдықорған және Алматы гарнизондарының әскери қызметшілері жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығының жоғары деңгейін көрсетті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Талдықорған және Алматы гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жұмысын тексерді. Ол десанттық-шабуыл бригадасы мен арнайы мақсаттағы бөлімге барды. Онда ол материалдық-техникалық базаның жағдайын тексеріп, жауынгерлік техниканы сынауға қатысты.

Талдықорғанда әуебазасында министрге Су-30СМ жаңа көпфункционалды жойғыш ұшқыштардың мүмкіндіктері көрсетілді. Қорғаныс ведомствосының басшысы «Арлан» көп мақсатты брондалған доңғалақты машинасының тактикалық-техникалық мүмкіндіктерін тексеріп, жүріс сапаларын сынаған, сондай-ақ тұрақтандырылған, қашықтықтан басқарылатын және механикалық жауынгерлік модульдері бар «Утёс» оқшашарынан атты.

Мамандандырылған бөлімдердің бірінің командирі жедел және жауынгерлік даярлық іс-шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады. Тексеру қорытындысы бойынша Нұрлан Ермекбаев гарнизон әскери қызметшілерінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығына жоғары баға берді.