• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Ақпан, 2020

Елордада алдағы күндері боран күтіледі

254 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 18, 19 ақпанда боранды ескерту жарияланғанын мәлімдеді. 

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 23 м/с жетеді. 

Тас жолдардың жабылуы туралы ақпаратты «112» қызметінен SMS хабарламалар арқылы, «Smart Astana» қосымшасында білуге болады. Сондай-ақ енгізілген шектеулер туралы мәліметті «Darmen» қосымшасынан бақылауға болады. Қосымшаны Playmarket немесе Appstore арқылы тегін жүктеуге мүмкіндік жасалған.

Құрылыс объектілерінің басшылығы қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет. Төтенше жағдай туындағанда тұрғындар «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.