Әділет министрі Марат Бекетаевтың бұйрығымен ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры қызметіне Ермек Қуантыров тағайындалды. Орталықтың жаңа басшысын ұжымға Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова таныстырды.
Ермек Қуантыров түрлі жылдары әділет органдары жүйесі, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігі, 2017-2019 жж. «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары, 2019-2020 жылдары ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Колумбия университетінің Құқық магистрі бойынша білім алған. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері.
Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.