• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтанда жастарға кеңес беру күні өтеді

209 рет
көрсетілді

Ертең Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен жастарға консультациялық көмек көрсетуге бағытталған шара өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аталмыш шара «Астаналық» сауда кешенінде сағат 11.00-де басталады. Әрбір азамат өзінің қалаған сұрағымен «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы», «Жұмыспен қамту орталығы», «Медиацияны дамыту орталығы» және басқа да мекемелердің өкілдеріне жолыға алады.

Сонымен қатар кәсіби заңгер мен психолог маманы консультациялар жүргізеді. Іс-шараның өткізілу мақсаты – жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.