• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Ақпан, 2020

Кейбір өңірлерде мұнай-газ саласы құлдырайды

223 рет
көрсетілді

Қазақстан мұнайшылар-геологтары қоғамының президенті Б. Қуандықов елімізде геологиялық барлауды дамыту мәселесі мен тәсілдерінің өзектілігі туралы баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, тұжырымдамада республика үшін негізгісі мұнай-газ және металлургия салалары екені, оның негізі минералды база екені ескерілген.

«Еліміздің кейбір өңірлерінде мұнай-газ саласының келесі 10-15 жылда тоқтау қаупі туындауы мүмкін. Мұнай-газ саласының әл-ауқаты үш алып Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанның арқасында құрылады. Алайда, олардың әлеуеті де шектеулі. 20-30 жылдан кейін бұл мұнай өндірудің табиғи құлдырауына әкелуі мүмкін, сондықтан қазірдің өзінде геологиялық барлау жұмыстарын мақсатты түрде арттыру, терең көкжиектерді игеру маңызды», — деді Б. Қуандықов.