• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2020

Қызылорда: Киік мүйізі күдік тудырып отыр

1046 рет
көрсетілді

Осы ақпан айның 10 мен 17 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Ол үшін арнайы құрылған мобилдік топ өкілдері 12 ақпанда Қазалы ауданы тұрғынынан 4 дана киік мүйізін тәркілеген. Қазір осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Үш күннен кейін дәл осындай жағдай Арал ауданында қайталанды. 15 ақпан күні осы аудан тұрғынының қолындағы күмән тудырған полиэтелен пакеттен киік мүйізі алынды. Бұл бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.