• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2020

«Егемен» көтерген мәселе: Сексеуіл кентінде мектеп салынады

267 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдында есепті кездесуінде Арал ауданы Сексеуіл кентінен келген тұрғын пойыз жолды жағалай тұрақтанған халыққа жаңа мектеп қажет екенін айтты.

Бұл мәселе жайлы Мемлекет басшысы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінен оқып, тиісті орындарға тапсырма берген болатын. Облыс әкімі кент тұрғынының сауалына орай осы тапсырманың орындалу барысы жайлы айтып өтті.

– Осы мектеп жайында Мемлекет басшысының тапсырма бергенін білесіздер. Ол орындалады. Биылғы жылдың 24 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысынанкейін осы мәселе бойынша жұмыстар пысықталды. Қазір жоба-сметалық құжат бойынша мектептің құны 800 млн теңгені құрап отыр. Мектеп 300 орынға арналған. Жақын арада республикалық бюджеттен қаржы алып, мектеп құрылысын бастаймыз, – деді аймақ басшысы.