• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Ақпан, 2020

Өтініш-тілектер ескеріледі

389 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясы Төрағасының бі­рін­­ші орынбасары Бауыржан Байбек Пав­­ло­­дар об­лысының шал­ғай­дағы бір­қа­­тар ел­ді мекенінің тұр­ғын­дарымен кез­­де­сіп, көкейкесті мәсе­ле­­лер­ді сол жер­де тал­қы­лап, шеші­мін бірге қа­рас­тыр­­ды.

Жұмыс сапарының бірінші күні Б.Байбек Ново­чер­ноярка ауылының тұр­ғын­да­ры­мен кез­дес­ті. Мұнда 16 көпқа­батты тұр­­ғын үйдің 800-ге жуық тұр­ғы­­ны орталық жылыту жүйе­сін­сіз тұрып жатыр. Ауыл тұр­ғын­дары бұл мәселені осыған дейін бірнеше рет көтерген, тіпті пар­тия­ның қоғамдық қабылдауы ар­қы­­лы да қозғаған екен.

«Тұрғындармен бірге осының шешу жолдарын талқыладық. Ай­мақ басшылығы ауылда жы­­лыту қазандығы салынады деп сөз берді. Бұл аталған тұр­ғын үй­лер­­ден бөлек тағы да 5 әлеу­мет­тік нысанды, оның ішінде таяу маңда орналасқан мектепті, балабақ­шаны және дәрігерлік амбулато­рия­ны жылытумен қамтамасыз етпек. Оның орындалуын Nur Otan партиясы өз бақылауына алды», деді Б.Байбек.

Оның айтуынша, Павлодар облысына сапарға шығар алдын­да ол бұқаралық ақпарат құ­рал­да­ры мен әлеуметтік желі­лер ма­териалдары арқылы өңір­дің кө­кейкесті мәсе­ле­лерімен мұқият та­нысқан. Пар­тия Төрағасының бі­рінші орынбасары бірнеше жылдан бері облыс орталығында «Екінші Павлодар» шағын ауда­нын­дағы жеке тұрғын үйлерді еріген және жерасты сулары дең­г­­­ейінің көтерілуі салдарынан су басуы мәселесіне назар аударды.

Мәселенің өзектілігі ескеріле отырып, облыстың жаңа әкі­мі­мен тұрғындардың кездесуі ұйым­дастырылды. Әбілқайыр Сқа­қов­тың айтуынша, мәселені жүйелі және жан-жақты шешу үшін тиісті мамандар мен сарапшылар тартылатын болады. Сонымен қатар 8 шақырым кәріз желілерін тарту және тағы 10 шақырым коммуникацияны салу үшін жо­ба­­лық-сме­талық құжаттама әзір­ле­неді. Бұдан бұрын жерасты су­ларының деңгейін төмендету үшін 5 құдық бұрғыланып, су сақтау шұңқыры салынған, 3 сорғы стансасы орна­тыл­ған.

Кездесуде жергілікті тұр­ғын­­дар монополист компания «Пав­ло­дар су каналы» ЖШС-на қа­ра­та тарифтердің, суды есептеу ас­паптары құнының айқын­ды­ғы­­на қатысты нара­зылық­та­рын да білдірді. Б.Байбек өз кезегінде таяу уақытта партия алаңында барлық мүдделі орган­дардың қатысуымен ашық партия­лық тыңдау өткізуді тапсырды.

Жұмыс сапары барысында пар­тия Төрағасының бірінші ор­ын­­басары «Мұнайхим» кә­сіп­ор­нының қызметкерлерімен де кез­десті. Мұнда әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау сала­сындағы өзекті мәселелер талқы­ланды. Б.Байбек Елбасы бастамасымен қолға ал­ынған индус­трияландыру бағ­дар­ламасының нәтижесінде өңірде мың­­даған жұ­мыс орнының аш­ыл­­­ғанын тілге тиек етті.

«Жұмыспен қамтумен қатар жайлы және қауіпсіз еңбек жағ­да­йын жасау қажет. Бұл үшін бас­­тауыш партия ұйымдары кә­­сіп­о­дақ­­тармен бірлесіп кәсі­п­орын басшылығына туындаған мә­се­ле­ле­р мен қызметкерлердің ұсыныс-тілек­терін уақтылы жет­кі­зіп отыруы тиіс. Бұл ретте бірде-бір сұ­рақ­­ты назардан тыс қал­дыруға бол­­майды. Пре­зи­ден­тіміздің «Ха­лық үніне құ­лақ асатын мем­лекет» тұжы­рым­­да­масының нақ­ты іске асуы дегені­міз осы», деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Б.Байбек Пав­ло­дар облысындағы партия акти­ві­мен кездесу өткізіп, онда сәуір-мамыр айларында ашық ішкі партиялық сайлау – праймериз өткізуге дайындық барысы туралы пікір алысты.

«Партиямыздың лидері, Елба­сы­ның тапсырмасы бойынша бар­лық деңгейдегі мәслихаттарға ұсы­нылатын тізімді түзу кезінде онда әйелдердің 30%-дан, ал 35 жасқа дейінгі жастардың 20%-дан кем болмауына қол жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ мәслихаттарға бас­қа да әлеуметтік топтар өкіл­дері ұсынылуы тиіс. Атап айтқанда, ер­екше қажеттіліктері бар жандар, көп балалы аналар және та­ғы бас­қалары қамтылуы керек. Бұл рет­те қоғамдық пікір көш­­бас­­шыларын және үкіметтік емес ұйым­дардың ел ішінде сөзі өтімді, жұрт­шылықтың сеніміне ие болған өкілдерін ілгерілетуге баса назар аударылады.

Біздің қағидатымыз – «Жі­гер­лі лидерлер – қуатты пар­тия». Азаматтық қоғаммен қоян-қол­тық араласып, өзара бір­ле­се әре­­кет ету ғана азамат­тар­ы­мыз­дың әл-ауқатын артты­ру­ды қам­та­ма­сыз етуге жол аша­ты­нына сенім­­ді­мін!» деп мә­лім­де­ді партия Төра­ға­сының бірінші орынбасары.

Кезектен тыс конференция ба­ры­сында облыс әкімі Ә.Сқақов Павлодар облыс­тық фи­лиалының төрағасы бо­лып сай­ланды.

Жұмыс сапарының бірінші кү­­нін қорытындылай келе, Б.Байбек партияның қо­­ғам­­дық қа­былдау бөлмелеріне павло­дар­­лықтардан келіп түскен өті­ніш­терді сараптау арқылы ше­шімін күткен бірінші кезек­те­гі міндеттердің ауқымы анық­тал­ғанын атап өтті. Бұлар – әлеу­меттік қамту, білім беру, ден­сау­­лық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сапасы, сондай-ақ тұр­ғын үй қорының мардымсыз жағ­да­йы, елді мекендерді абаттандыру және тағы да басқа көптеген мәсе­лелер.

«Азаматтарымызды алаң­да­тып отырған мәселелер бүгін­де әзір­леніп жатқан аймақ­ты дамы­тудың 5 жылдық бағ­дар­­лама­сына енгізіледі. Біз әр қала­ны, ауданды және ауылды қа­м­ту­ды жоспарлап отырмыз. Осы ба­ғыт­­тағы жұмыстарды пар­тия ор­та­лық және жергілікті мем­ле­кет­­тік органдармен бірлесе оты­рып бірнеше айдан бері жүр­гі­зіп те келеді. Nur Otan түйінді мәсе­ле­лер­ге құлақ асып қана қоймай, оны ше­шу үшін нақты шараларды қолға алуы керек. Бұл үшін біз­де қажетті ресурстар бар, ең бас­­­­ты­сы, қарапайым халық қол­дап отыр», деді ол.