Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сарбаз қару-жарақ алып қашты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінде келісім-шарт бойынша әскери қызметші кіші сержант А.Балғынбай рота бойынша кезекші ретінде ауысым кезекшісі құрамында болып, бөлімді өз еркімен тастап кеткен.
Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталды.
Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күштері әскери қызметші мен жоғалған қаруды іздеу және ұстау бойынша барлық қажетті жедел-іздестіру, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде.