• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Ақпан, 2020

Елорданы кезген елік ұсталды

468 рет
көрсетілді

Елордалықтарды елеңдеткен елік ұсталды. Бүгін таңертең қала тұрғыны Марат Жылқыбаев Фейсбуктегі парақшасына «Ұлы дала» көшесінде елік шауып жүрген видеоны жүктеген болатын. 

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта бұл оқиғаны анықтап жатқандарын мәлім етті.

«Елікті ұстадық. Қазір мамандар жануардың жай-күйін тексеріп жатыр. Одан кейін оны табиғи тіршілік ету ортасына жіберу мәселесін шешеміз», - деді Сәкен Ділдахмет.

 

Соңғы жаңалықтар