Beeline мен ScrumTrek компаниясы әртүрлі саладағы Agile әдістемесіне қатысты конференция өткізді. Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан жиналған сарапшылар өз тәжірибелерін бөлісіп, нарықтың әртүрлі саласында Agile жұмысының қағидаларын қолдану мүмкіндігін талқылады, бизнес-икемділікке деген эволюциялық қадамдарды таныстырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Agile әдістемесі – жұмыс үдерісін ұйымдастырудың жаңа озық тәсілі, ол ІТ саласы мен инновациялық шешімдер жасалатын және өзгерістерге қарай шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін салаларда аса өзекті. Бұл орайда, әдістеме операция шығындарын азайтуға, үдерістер мен жобаларды ұйымдастыруды оңтайландыруға, сондай-ақ жүзеге асыруға және оның уақытына жиі әсер ететін артық бюрократиядан құтылуға мүмкіндік береді. Agile қағидалары маркетинг, жобаларды басқару, сервисті жетілдіру, қаржы салаларында қолданылады.
«Beeline телекоммуникация нарығында ғана емес, сонымен қатар ішкі жұмыс үдерістерін ұйымдастыруда да жаңа бағыттарды белсенді қолданып, дамытады. Agile әдістемесін қолдану әртүрлі жобаны жүзеге асыру мерзіміне оң әсер етіп, жалпы жақсы нәтиже берді. Мобильді қосымшаларды жасаушыларымызбен және басқа ІТ мамандармен осы форматта жұмыс істеген – бюрократиялық үдерістердің орнына, даму, жаңа, әрі қызықты міндеттер мен жасақтамаларды жүзеге асыру аса қызық болды», - деді Beeline Қазақстанның Agile трансформациясы қызметінің жетекшісі Марат Жүнісов.