• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Ақпан, 2020

Қызылордада есірткі тәркіленді

334 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағында  тұрған автокөлік мекеме қызметкерлерінің күдігін туғызды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының есірткіге қарсы күрес бөлімінің  қызметкерлері мен жедел тобын шақырта отырып, көлікті тінту барысында артқы орындығынан 20-граммдық 4-дана шприцке нығыздалып салынған жасыл түсті шөп тектес зат табылды.  Сот-химиялық  сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.