Парламент Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова Ақмола облысының Есіл қаласында мәслихат депутаттарымен кездесті.
Есіл қаласында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер туралы әңгімеледі. Олардың ішінде жаңа емхана салу қажеттігі де айтылды. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де жедел шешуді қажет етеді.
Парламент Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова Ақмола облысының Есіл қаласында мәслихат депутаттарымен кездесті.
Есіл қаласында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер туралы әңгімеледі. Олардың ішінде жаңа емхана салу қажеттігі де айтылды. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де жедел шешуді қажет етеді.
Алдағы астық жинау тақырыбы да өзекті мәселелердің қатарында болып отыр. Шаруаларды астықты жөнелту, арзан дизель отынымен және астық тасымалдаушы көліктермен қамтамасыз ету мәселелері толғандырады.
Сенатор С.Жалмағамбетова енді Бұланды, Жарқайың, Қорғалжын, Егіндікөл, Жақсы аудандары мен Көкшетау қаласының мәслихаттарының сессиясына қатысуды жоспарлап отыр.
Ақмола облысы.
____________
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов Алматыда «Локомотив» АҚ ұжымымен кездесті.
Екі жүзге жуық адам қатысқан кездесуде ел экономикасын, оның ішінде көлік инфраструктурасын одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Тәуелсіздіктен бергі жылдарда Алматының өзінде ғана 20-дан астам жолайрықтар тұрғызылған. 2013 жылы тағы да 6 жолайрықтың құрылысы аяқталса, бұл – Алматының көшелеріндегі жолаушылардың жүріп-тұру мүмкіндігін әлдеқайда жақсартары анық.
А.Бижанов қала халқы ризашылықпен жоғары бағалаған метро құрылысының алғашқы кезеңі табыспен жүзеге асып, енді келесі жылдың ортасына қарай аяқталуға тиісті екі бекеттің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты.
Сенатор кездесуге келген жұрттың көптеген сұрақтарына жауап бере келіп: «Өткен сессия барысында Сенат 96 заң қабылдады. Заң шығарушылық қызметіміздегі басты ерекшелік – заң жобаларының басым бөлігі Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қамтылған Жолдауында жүктелген міндеттермен үйлеседі. Қабылданған заңдар индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметті, сот және құқық қорғау жүйелерін реформалауға, білім беруді дамытуға бағытталып, халықты әлеуметтік қамсыздандыруды қамтыды», – деп атап өтті.
Сондай-ақ, А.Бижанов «Алматы жарнама» МКК және азаматтарды әлеуметтік бейімдеу орталығының еңбек ұжымдарымен де кездесті.
АЛМАТЫ.
_________
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Айгүл Нұркина Павлодар облысындағы сапары кезінде тұрғын үймен қамту мәселесімен танысты.
Депутат «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан үш тұрғын үй құрылысында болды. Нысандардың жалпы көлемі – 26 166 шаршы метр, құрылыстың құны 2 368 миллион теңгені құрайды. Барлық пәтерлер таза, әрленген түрінде пайдалануға енгізіледі.
Аталған құрылыс басталғанда, онда партиялық бақылау бекеттері ашылған. Айгүл Нұркина олардың жұмысымен де танысты. Көтерілген өзекті мәселелердің арасында құрылыс материалдарының қымбаттауы, тағы басқалар бар. Дегенмен, осы жылдың күзінде екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға оның 11 894 шаршы метрін беру жоспарланып отыр. Бұл көптеген отбасылардың жаңа баспанаға ие болуына мүмкіндік береді.
Бүгінде Павлодарда «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша жалпы көлемі 49 161 шаршы метрді құрайтын 7 нысан салынуда.
Павлодар облысы.