• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2020

Шымкентте салынып жатқан нысандардың сапасы қатаң бақылауда

339 рет
көрсетілді

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

А-2 «Алматы – Ташкент – Термез» және Темірлан тас жолы қиылысындағы жол айрығының оң жақ өткелдерін қайта құру жұмысымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерлерге жұмысты таяу арада бітіруде қатаң тапсырды.   Одан соң шаһар басшысы Темірлан тас жолы – Мангелдин көшелері қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына барды.   Өткелдің сапасына көңіл аударған әкім жұмысты жандандырып, нысанды халық игілігіне тезірек беру керектігін айтты. Өткел алдағы наурыз айында толық пайдалануға берілмек.   Сондай-ақ М.Әйтенов Қонаев даңғылының жалғасын ұзарту құрылысының басына барып, тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.    Еске салсақ, Қонаев даңғылын ұзарту жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Биыл бұл жұмысты жалғастыру үшін қазынадан 269,580 млн теңге қарастырылды. Көшенің ұзындығы 58 шақырымды құрамақ. Ал, ені 6 жолақты 23 м болады деп жоспарлануда. «ОтауСтрой» ЖШС-і қолға алған бұл жоба жыл соңы желтоқсан айында аяқталмақ.    Мәдени қаладағы Қонаев гүлзары Түркістан көшесінен Темір жолға дейін жалғасады.     Шымкент