Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесі маңайында тұрған автокөліктен есірткі табылды. Бұл туралы облыс бойынша ҚАЖД мекемесінің мамандары хабарлады.
Көлік күдікті көрінгесін қалалық полиция басқармасының есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен жедел тобы шақыртылып, тінту кезінде артқы орындықтан 20 грамдық 4 шприцке нығыздалып салынған шөп табылады. Сот-химиялық сараптама қорытындысы тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін анықтап отыр.
Қазір осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.