Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты.
Ширек финалда Александр Бублик канадалық Денис Шаповаловқа шаң қаптырып кетті. Есеп – 7:5, 4:6, 6:3. Соның алдында ғана Үйеңкі жапырақтар елінің өкілі Хорватияның даңқты теннисшісі Марин Чиличті ұтып, сан миллион жанкүйердің қошеметіне бөленген еді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлемнің 55 ракеткасы атанып отырған жерлесіміз АТР рейтингінде 73 орында тұрған Мажарстанның өкілі Мартон Фучович пен үздіктер тізімінде 20 сатыға жайғасқан Франция теннисшісі Бенуа Пэрден айласын асырған еді.