Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті.
Келелі кеңесте сөз алған шаһар басшысы бүгінде сыбайласжемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесі қалыптасқанынтілге тиек етті.
«Біздің ортақ мақсатымыз-қоғам мен мемлекет игілігі үшінсыбайлас жемқорлықты жою үшін күш-жігеріміздібіріктіру. Жемқорлықпен күрес әрқайсымыздың ортақміндетіміз. Осы тұрғыда жүйелі жұмыс істесек, тұрғындардың сенімін арттыра аламыз», деді қала әкімі.
Алқалы жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылАгенттігінің қалалық департаментінің басшысыА.Жұмағали, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов, қалаәкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, аумақтықдепартаменттер мен басқарма басшылары қатысты.
Іс-шара барысында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Е.Дәрменов және Шымкент қаласы әкімі аппаратының құқықтық қорғау жүйесі бөлімінің басшысы Н.Жамашов сөз сөйледі.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали уәкілетті органмен жүзеге асырылатын алдын алу және қылмыстық-құқықтық шараларға тоқталды.Жиын соңында қала әкімі М.Әйтенов Елбасы мен Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты басымдықтар қойғанын айтып өтті.
Шымкент