Жаңа ғана Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирініңекінші жарыс күні басталды.
73 кило салмақта екі қандасымыз өнер көрсетуде. Мадияр Сембаев тұсаукесер кездесуінде словениялық Мартин Новактан ұтылса, Аңсарбек Ғайнуллин Мальта балуаны Джереми Саювеомен күреседі.
81 кило салмақтағы Руслан Мұсаев ресейлік Хасан Қалмұрзаевпен, Аслан Сағатбек габондық Теренсе Коуамбамен күш сынасады.
90 кило салмақтағы Ислам Бозбаев аустриялық Марко Бабанжамен, Ерсұлтан Мұзафаров мысырлық Насем Ел Акхбермен айқасады.
Әйелдер арасында 63 кило салмақтағы Иоланта Бердібекова мадагаскарлық Дамиела Номенжанахаримен шеберлік байқасады.