Елорда әкімі Алтай Көлгінов №82 «Дарын» мамандандырылған лицейіне барды. Әкімнің тапсырмасына сәйкес оқу орнында STEM-зертханасы мен робототехника кабинеті ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқушылар сабақта 3D-нысандар жасайды. Роботтарды ғылыми-техникалық білім алуда қолданады. Кабинеттерде станоктар, 3D-принтер орнатылған. Сонымен қатар, қалалық мектептердің кабинеттері интерактивті тақталармен жабдықталған.
Сондай-ақ, қала әкімі биыл ашылған №95 балабақшаға барды. Қала әкімі Алтай Көлгінов балаларға ата-аналары мен тәрбиешілерін тыңдап, жақсы білім алуларын тіледі. Әкімдік қаланың білім беру мекемелеріне барлық қажетті көмек көрсететінін атап өтті.Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/21771