Кеше сағат 18.50 шамасында Шілдебаев көшесі бойындағы тұрғын үйден өрт шыққан. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
112 құтқару қызметіне түскен хабарлама бойынша өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы жедел іске кіріскен. Барлау жұмыстары барысында өрттің үйдің ас бөлмесінен шыққаны анықталды. Оны сөндіруге кіріскен жедел құрам өкілдері үй ішінде ес-түссіз жатқан 1983 жылғы азаматты алып шықты.
Құтқарушылар көмегімен бірінші топ мүгедегі қауіпсіз жерге шығарылыпты. Жедел жәрдем мамандары да шұғыл көмек көрсеткен. Бірақ, иіс тиген тұрғын тілге келмей қайтыс болды.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 6 техника, 25 маман жұмылдырылды.