• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Тамыз, 2013

Олжалы оралды

264 рет
көрсетілді

 Украина бастамашы бол­ған «Әлемді жақсылыққа қа­рай өзгертейік» деп аталатын халықаралық фестиваль «Ар­тек» халықаралық балалар орта­лығында 2001 жылдан бері тұ­рақты түрде өткізіліп келеді.

 

Украина бастамашы бол­ған «Әлемді жақсылыққа қа­рай өзгертейік» деп аталатын халықаралық фестиваль «Ар­тек» халықаралық балалар орта­лығында 2001 жылдан бері тұ­рақты түрде өткізіліп келеді.

Оның мақсаты – көпмәдени орта жағ­дайында өмірлік тәжірибе алу арқылы әртүрлі дінге сыйынатын және әртүрлі ұлт өкілдері балаларының көзқарастары мен құқықтарының теңдігін, толе­ранттылық қағидаларын қалып­тастыруға ықпал жасау.

Осы фестивальға 2004 жылдан бері қатысып келе жатқан біз­дің елдің құрамында Астана, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен қа­ла­­лары­ның 12 жастан 16 жас­қа дейінгі балалары бар деле­гациясы «Елдер күні» деп ата­латын шара барысында ерекше белсенділік танытып, көзге түсті. Олар биылғы он екінші фестивальға келген 60 мемлекеттің өкілдерінің назарына өздері дай­ын­даған этнокөрмені және «Ме­нің Отаным – Қазақстан» атты балалардың суреттерін ұсынды.

Қазақстандық делегация «Фес­тиваль шагает по «Артеку» атты акцияға белсене қатысқаны және Жер бетінде бейбітшілікті насихаттағаны үшін екі дипломмен марапатталды.

Салтанат САЛБЕНБЕКОВА,

республикалық қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

АСТАНА.

Соңғы жаңалықтар