• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 24 Ақпан, 2020

Кәсіпқой бокс: Дубайда қос жерлесіміз жұдырықтасады

923 рет
көрсетілді

6 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында «Rotunda Rumble 3» деп аталатын кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Айтулы жарыста Қазақстанның қос былғары қолғап шебері өнер көрсетеді. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі Нұртас Әжбенов филиппиндік Джей-Ар Магбумен күш сынасады. Нұртас осыған дейінгі өзінің сегіз жекпе-жегін де жеңіспен аяқтап, үш қарсыласын есінен тандырды.

Ал Филиппин елінің өкілі 24 рет рингке көтеріліп, 18 мәрте мерейі үстем болды. 4 рет ұтылып, тағы екі кездесуде тең есеп тіркелді. Бұл сегіз раундтық бәсеке болмақ.

Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий шаршы алаңға шығады. 12 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтап, 11 қарсыласын нокаутпен ұтқан жерлесіміздің қарсыласы әлі анықталған жоқ.