• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Президент 24 Ақпан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы орыс тіліне аударылды

973 рет
көрсетілді

Президенттің бұл мақаласы қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналып, биылғы 9 қаңтар күні «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланғаны белгілі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.   

«Мемлекет басшысы Абайдың рухани мұрасын ой елегінен өткізіп, бүгінгі Қазақстанның даму жолындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындап береді.

Аталған бағдарламалық мақаланың мазмұнын қалың жұртшылыққа толық жеткізу үшін оны орыс тіліне аудару қажет болды. Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да осындай ұсыныстар түсті. Сондықтан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мамандары мақаланы орыс тіліне аударып, қалың бұқараға ұсынып отыр» деп жазды Берік Уәли.