• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2020

Еріктілермен бірлескен іс-шаралар жалғасуда

263 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрімен бекітілген «Волонтерлердің және волонтерлік ұйымдардың ішкі істер органдары өткізетін іс-шараларға қатысуы жөніндегі жол картасын» жүзеге асыру шеңберінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары М. Мұханов пен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті ректорының міндетін атқарушы Е. Нұрмағанбет және qazvolonter.kz бірыңғай платформасына еріктілер болып тіркелген студенттермен кездесу өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған бірлескен іс-шаралар пысықталды, студенттермен әңгімелесу жүргізілді және университет басшылығы мен еріктілерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен жасақталған ерітілерге арналған киім-кешектерінің эскизі таныстырылды.

Сонымен қатар «Дәрмен» бағдарламасының мүмкіндігі көрсетіліп, қолдануға бағдар берілді.

Шара соңында екі жақты меморандумға қол қойылды.