Оқу-жаттығу жұмысын өткізу барысында су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығына байқау жүргізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Авариялық-құтқару құрамаларымен практикалық шаралар орнында келесі тасқынға қарсы іс-шаралар көзделген: - зардап шеккендерді эвакуациялау, құмға толы қаптардан қорғаныс үйінділерін жасау;
- еріген суды тазалау және қар шығару жұмыстарын жүргізу;
-зардап шеккендерге жылыту мен тамақтандыру пунктерін ұйымдастыру;
- электрэнергетикалық желілердегі электр беру желілерінің үзілуін жою және инертті материалдары бар қаптардан үйінді бөгет салу. Шара 25 ақпан күні сағат 10.20-да басталады.