«Шымкент-Цирк» ғимаратының алдында «Шалқар» радиосы қосулы тұр. Бұл туралы Ерсұлтан Әмірбек есімді қолданушы Facebook парақшасында жариялады.
«Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің есебінде «Мәдени-көпшілік орындарда радио қосылып тұрса» деген ұсыныс айтылған болатын. Осыған байланысты Шымкент қалалық мәдениет басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев дереу тапсырма берді. Цирк директоры Арман Алиев секілді әр қазақ ұлт руханиятына үн қосып, шынайы патриот болсын! Айтпақшы, қуыршақ театрында радио үні үзіліссіз бұрыннан сайрап тұр. Міне, үлгі... Кезінде облыстың мәдениет саласын басқарған Күлия Смайылханқызы да бұл іске қолдау білдіріп еді», - деді Ерсұлтан Әмірбек.